11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хамитов Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды

Хамитов Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік Алексей Махноға қарсы АСА лигасындағы жекпе-жекке шықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Наш боец» сайтына сілтеме жасап.

«Қуатқа қатысты жағдай мынадай: ол Махноны жекпе-жекке шақырды, бірақ шарттар бойынша келісімге келе алмадық. Кейін ол тек ақпанда — мерейтойлық турнирде жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Біз өз тарапымыздан «Махно бар, нақты күн бар — не шығасың, не шықпайсың. Егер шықпасаң, басқа қарсылас іздейміз» дедік. Біз оған жаңа ұсыныс жасадық, ол қай тізімнен қарсылас таңдалатынын біледі», — деді АСА вице-президенті Асланбек Бадаев.

Айта кетейік, бұған дейін Хамитов ресейлік танымал АСА лигасында дебютін сәтті өткізіп, ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Сол жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы октагонда бірден Махноға шақыру тастаған еді.