11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хабиб Махачевті алға жетелейтін қасиеттерін айтты

Хабиб Махачевті алға жетелейтін қасиеттерін айтты

ММА-дің ресейлік аңызы Хабиб Нурмагомедов досы, UFC-де өнер көрсететін ресейлік файтер Ислам Махачевтің бірегейлігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт24 сайтына сілтеме жасап.

— Ислам Махачевті ерекше ететін не?

— Ол өте тәртіпті. Сонымен қатар, ол шынымен де жарысқанды жақсы көреді. Оның бойында үлкен бәсекелестік рухы бар. Меніңше, дәл осы екі қасиет оны алға жетелейді, — деді Нурмагомедов АҚШ-та жанкүйерлермен кездесу барысында.

Жексенбі, 16 қарашада Ислам Махачев Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жартылай орта салмақта чемпиондық жекпе-жек өткізеді.