10.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рикардо Кака жаңа клуб тапты

Рикардо Кака жаңа клуб тапты

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарт аяқталғанын хабарлады.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері Қазақстан құрамасын жаттықтырып, ел футзалының дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда әлемдік ареналарда үздік құрамалардың қатарына қосылып, 2021 жылы Литвадағы әлем чемпионатында жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Қазақстан құрамасы Кака басқаруында рекордтық рейтингке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды.

Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен де марапатталды.

Енді бразилиялық бапкер мансабын Ресей чемпионатындағы «ИрАэро» клубында жалғастырады. Бүгін Кака жаңа клубымен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.