10.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Диас Еренғайыпов Brave CF 101 турнирінде жеңіске жетті

Диас Еренғайыпов Brave CF 101 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Диас Еренғайыпов (17-3) Бахрейннің Иса қаласындағы аралас жекпе-жектен Brave CF 101 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еренғайыпов азербайжандық Байрам Шаммадовпен (10-4) жұдырықтасты. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Диас Еренғайыпов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Байрам Шаммадов бесінші рет жеңіліске ұшырады.