09.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

«Челси» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

«Челси» Англия Премьер-лигасының 11-ші турында «Вулверхэмптон Уондерерсті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондағы матч 3-0 есебімен аяқталды. Голдарды Мало Густо, Жоао Педро және Педро Нету соқты.

«Челсидің» еншісінде 20 ұпай бар және лига кестесінде екінші орынға көтерілді. «Вулверхэмптон Уондерерс» (екі ұпай) 20-шы орында.

«Челси» 22 қарашада сырт алаңда «Бернлимен» ойнайды. «Вулверхэмптон Уондерерс» сол күні «Кристал Пэласпен» кездеседі.