08.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Максим Павленко Солтүстік Америкада дебют жасап, сенімді ойынымен көзге түсті

Максим Павленко Солтүстік Америкада дебют жасап, сенімді ойынымен көзге түсті

АХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» бен «Рочестер Американс» командаларының матчы өтті, деп хабарлайды ProSports.kz сайты Shaiba.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу 6:4 есебімен «Американс» пайдасына аяқталды. Бұл ойында қазақстандық қақпашы Максим Павленко алғаш рет АХЛ деңгейінде мұзға шықты.

21 жастағы голкипер екінші кезеңде алмастыру арқылы ойынға қосылып, мұзда 38 минут өткізді. Ол қарсыластың 16 соққысының 15-ін қайтарып, сенімді ойын көрсетті. Қорғаныс көрсеткіші – 1,60.

Айта кетейік, «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» клубы НХЛ-дегі әйгілі «Питтсбург Пингвинздің» фарм-командасы саналады. Бұл команда сапында әлемдік хоккей жұлдыздары Сидни Кросби мен Евгений Малкин ойнайды. Жақында Максим Кросбимен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялаған болатын.