07.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

SoldOut: Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойынның билеттері түгел сатылып кетті

SoldOut: Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойынның билеттері түгел сатылып кетті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан мен Бельгия құрамаларының ойынына арналған билеттер түгел сатылып кетті.

Қос ұжым арасындағы матч 15 қараша да сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Билеттер сатылымға шыққан соң небәрі үш күн ішінде толықтай өтіп кеткен.

Еске сала кетейік,  Қазақстан мен Бельгия арасындағы алғашқы кездесу 6 қыркүйекте Брюссельде өтіп, алаң иелері Қазақстан құрамасын 6:0 есебімен ұтқан болатын.