07.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Еуропа клубтарының тапқан табыстары туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tурнирдің негізгі кезеңіндегі төрт тур қорытындысы бойынша, «Қайрат» 20,95 миллион еуро табыс тапқан. Әзірше бұл Чемпиондар лигасына қатысушы барлық командалар арасындағы ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

Тізімнің көшін ағылшындық «Манчестер Сити» бастап тұр (70,1 млн еуро). Үздік үштікке француздық «ПСЖ» (69,99 млн еуро) және германиялық «Бавария» (69,04 млн еуро) енді.

Еске салайық, Рафаэль Уразбахтиннің командасы төрт матчтың қорытындысы бойынша, бір ұпай жинады. Енді «Қайрат» 26 қараша күні сырт алаңда Данияның «Копенгагеніне» қонаққа барады.