06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» пен «Семейдің» қарсыластары анықталды

«Қайрат» пен «Семейдің» қарсыластары анықталды

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы барлық жұптар белгілі болды. Бұл кезеңнің ойындары 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Командалар екі кездесуден — өз алаңында және сырт алаңда сынға түседі.

Қазақстан намысын қорғайтын екі клубтың қарсыластары төмендегідей:

  • «Семей» (Қазақстан) – «Пяст» (Польша)
  • «Қайрат» (Қазақстан) – «Андерлехт» (Бельгия)

«Семей» алғашқы ойынын өз алаңында өткізсе, алматылық «Қайрат» серияны сырт алаңдағы кездесумен бастайды.