06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

FURIA снайпері molodoy топтық кезеңнің төрт үздігі қатарына енді

FURIA снайпері molodoy топтық кезеңнің төрт үздігі қатарына енді

FURIA командасының снайпері Данил molodoy Голубенко IEM Chengdu 2025 турнирінің топтық кезеңіндегі ең үздік төрт ойыншының қатарына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте бірінші орынды Илья m0NESY Осипов (Falcons) иеленді. Одан кейін француз Матье ZywOo Эрбо (Team Vitality), ал үшінші сатыда Кайке KSCERATO Керато (FURIA) орналасқан. Үздік бестікті Дмитрий sh1ro Соколов түйіндеді. Ал Team Spirit командасының рифлері Данил donk Крышковец 12-орыннан көрінді.

IEM Chengdu 2025 турнирінің плей-офф кезеңі 7 қарашада басталады. Дода 3–9 қараша аралығында Қытайда өтуде. Жалпы жүлде қоры — 1 млн доллар (шамамен 525 млн теңге). Оның ішінде 300 мың доллар (157,5 млн теңге) — қатысушыларға, ал қалған 700 мың доллар (367,5 млн теңге) — клубтар арасында үлестіріледі.