06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чемпиондар лигасында 4 турдан кейін гол жібермеген жалғыз команда қалды

Чемпиондар лигасында 4 турдан кейін гол жібермеген жалғыз команда қалды

5 қараша, сәрсенбі күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдың соңғы матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Миланда өткен кездесуде қазақстандық «Қайрат» жергілікті «Интермен» айқасты. Алматылықтар есепті теңестіріп, сенсация жасауға жақын болды (1:1), алайда «нерадзуррилер» ойын соңында басым түсіп, жеңісті жұлып алды — 2:1. Бұл гол «Интердің» төрт турда алғаш рет қақпасына жол берген добы болды.

Осылайша, турнирде әлі бірде-бір гол жібермеген жалғыз команда қалды — ол Микель Артета баптайтын лондондық «Арсенал» (доп айырмасы – 11:0).