06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина WTA финалындағы үшінші жеңісі жайлы пікір білдірді

Елена Рыбакина WTA финалындағы үшінші жеңісі жайлы пікір білдірді

Әлемнің алтыншы ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA маусымдық финалының топтық кезеңінде ресейлік Екатерина Александронованы (рейтингі – 10) жеңіп, плей-оффқа жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

«Әрине, ойнаған әр матчымда жеңіске жеткім келеді. Әрбір жеңіс өз-өзіңе сенімділік береді. Соңғы ойындарымның сәтті өтіп жатқанына қуаныштымын. Сол серпінімді әрі қарай да сақтағым келеді», – деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Осылайша, Елена Рыбакина WTA финалында плей-оффқа шыққан алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін ол Польшадан Ига Швёнтекті және америкалық Аманда Анисимованы жеңген болатын. Соңғы турда ол Мэдисон Кизбен ойнауы керек еді, алайда америкалық теннисші жарақатына байланысты турнирден шеттетіліп, оның орнын Екатерина Александронова басты.