06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Темірлан Анарбековтің сейві үздіктер қатарында

Темірлан Анарбековтің сейві үздіктер қатарында

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Интерге» қарсы ойында ерекше көзге түсті. Ол бірнеше қауіпті соққыларды тойтарып, командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Бұл туралы Sport12 жазды.

Әсіресе Лаутаро Мартинестің қақпа бұрышына бағыттаған соққысын қайтарған сәті УЕФА нұсқасы бойынша ойын күнінің үздік сейвтерінің бірі болды.

Айта кетейік, матч 2:1 есебімен «Интердің» пайдасына аяқталды. «Қайраттың» жалғыз голын қорғаушы Офри Арад соқты.