06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі үшінші матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Александровадан (WTA рейтингі бойынша 10-орын) 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.

Айта кетейік, Еленаның жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.