06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі маусымға ұлттық құрама сапына алу үшін үміткерлер қарастырылады.

Турнирде аралас командалық жарыстар да өтеді.