06.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 13-орында) Францияда өтіп жатқан Meц турнирінің 1/8 финалында украиналық Виталий Сачкодан (222-орын) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бублик бұл матчта айқын фаворит саналды, бірақ үш сетте қарсыласынан 5:7, 6:3, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Александр турнирдегі өнерін аяқтады, қарсыласы ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұл Александр Бубликтің турнирдегі алғашқы кездесуі болатын.