05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Серікжан Мужиков «Қызылжарға» ауысуға жақын

Серікжан Мужиков «Қызылжарға» ауысуға жақын

Қазақстан құрамасының 36 жастағы жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков петропавлдық «Қызылжар» футбол клубының трансферлік тізіміне енді, деп хабарлайды Sport+.

2025 жылғы маусымды «Елімай» (Семей) және «Оқжетпес» (Көкшетау) құрамында өткізген тәжірибелі футболшы қысқы трансферлік терезе кезінде сербиялық бапкер Милич Чурчич жаттықтыратын командаға қосылуы мүмкін.

Өткен маусымда Мужиков 22 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол ұлттық құраманың қатарында 3 ойынға шықты.