29.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC аңызы Генри Сехудо соңғы жекпе-жегін өткізбек

UFC аңызы Генри Сехудо соңғы жекпе-жегін өткізбек

UFC-дің қос салмақтағы бұрынғы чемпионы, аты аңызға айналған Генри Сехудо алдағы жекпе-жегі мансабындағы соңғысы болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы америкалық спортшының сөзінше, желтоқсанда өтетін UFC 323 турниріндегі нәтижеге қарамастан, ол кәсіби мансабын тәмамдамақ.

«Пэйтонмен болатын айқас – менің соңғы жекпе-жегім. UFC не ұсынса да, бұдан әрі рингке шықпаймын. Нұршашу мен жарық астында жүрген ұнайды, бірақ бәрінің уақыты бар. Екі балам өсіп келеді, мен енді салмақ қуып, бұрынғыдай дайындықтан өтуге құлықты емеспін. Қазір бизнеске көңіл бөліп жүрмін – жылжымайтын мүлік, жарнама және өзге жобалармен айналысамын. Осы арқылы жеткілікті табыс табамын. Сондықтан «жетеді» деп шештім», – деді Сехудо AgFight сайтына берген сұхбатында.

Осылайша, 27 жастағы Пэйтон Талботқа қарсы өтетін айқас Сехудоның аралас жекпе-жек тарихындағы жарқын мансабының соңғы парағы болмақ. UFC 323 турнирі 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді. Басты жекпе-жекте Мераб Двалишвили мен Петр Ян чемпиондық белдік үшін айқасады.