28.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рэшфорд Барселонаның Реалдан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Рэшфорд Барселонаның Реалдан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

«Манчестер Юнайтедтен» жалға алынған «Барселона» шабуылшысы Маркус Рэшфорд мадридтік «Реалмен» болған матчтағы командасының жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Каталондық клуб Испания чемпионатында принципті қарсыласынан 1:2 есебімен жеңілді — енді «Барселона» көш бастап тұрған «Реалдан» бес ұпайға артта қалды.

Әрине, бұл біз қалаған нәтиже емес. Бұл марафон, спринт емес. Біз күресуді жалғастырамыз! 💙❤️

Рэшфорд матчтан кейін өзінің инстаграмында осындай жазба жариялады.