28.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Де Брюйне «Интерге» қарсы ойында ауыр жарақат алды

Де Брюйне «Интерге» қарсы ойында ауыр жарақат алды

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне «Интерге» қарсы ойында санын ауыр жарақаттады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

34 жастағы бельгиялық футболшы ойынның 33-ші минутында — он бір метрлік соққыны орындау кезінде оң санын жарақаттады. Бірнеше минуттан кейін ойыншы алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.

Ауруханадағы медициналық тексеру бұлшық еттің ауыр дәрежелі жыртылғанын анықтады. Италияның қазіргі чемпионы ойыншының қашан ойынға оралатынын әзірге хабарлаған жоқ.

Еске сала кетейік, Де Брюйне биылғы жазда «Манчестер Ситиден» кеткеннен кейін еркін агент ретінде «Наполиге» ауысты. Ағымдағы маусымда бельгиялық жартылай қорғаушы Серия А-да сегіз ойында төрт гол соғып, Чемпиондар Лигасында үш ойын өткізді.