27.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайрат қақпашысы Анарбековтың сейві еуропалық көрермендерді таңғалдыруда

Қайрат қақпашысы Анарбековтың сейві еуропалық көрермендерді таңғалдыруда

Чемпиондар Лигасының ресми аккаунты алматылық «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың шеберлігіне тәнті болуда.

Қазақстандық қақпашының кипрлік «Пафосқа» қарсы үйдегі матчтағы әсерлі сейві — турнирдің үшінші турындағы жарқын сәттердің біріне айналды.

Қақпаны кез келген бағамен қорғау керек

Турнирдің ресми инстаграм-аккаунтында құтқару видеосы осылай түсіндірілді.

Ерекше назар аударарлық сәт — Анарбековтың «Пафостың» румындық жартылай қорғаушысы Влад Драгомирмен бетпе-бет шығуды қайтаруы, бұл эпизод УЕФА нұсқасы бойынша турдың үздік сейвтері жинағына енді.