26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

НХЛ-да Филадельфия Айлендерсті буллитпен жеңді

НХЛ-да Филадельфия Айлендерсті буллитпен жеңді

НХЛ тұрақты чемпионатының кезекті ойын күнінде бес матч өтті. Филадельфия Флайерз буллиттер сериясында — Нью-Йорк Айлендерс командасын 4:3 есебімен жеңді.

Бостон Брюинз өз мұзында — Колорадо Эвеланш командасын 3:2 есебімен ұтты. Флорида Пантерз Вегас Голден Найтс командасына мүмкіндік қалдырмады — 3:0.

Оттава Сенаторз сырт алаңда Вашингтон Кэпиталз командасын 7:1 есебімен талқандады, ал Коламбус Блю Джекетс буллиттер сериясында — Питтсбург Пингвинз командасын 5:4 есебімен жеңді.