26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында мерейтойлық гол соқты

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында мерейтойлық гол соқты

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Наср» командасының жеңісіне үлес қосты — португал шабуылшы «Әл-Хазем» командасымен болған кездесудің 88-ші минутында гол соғып, матч 2:0 есебімен аяқталды.

40 жастағы шабуылшы үшін бұл доп мансабындағы 950-ші гол болды — ағымдағы маусымда португалдық клуб пен ұлттық құрама сапында 12 ойында 12 гол соқты.

Командаға жеңіске жетуге көмектескеніме және 950-ші голды соққаныма қуаныштымын! Әрдайым көбірек жетістікке ұмтыламын!

— деп жазды Роналду әлеуметтік желілерде.

Дереккөз: Криштиану Роналдудың инстаграмы