24.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тбилисидегі компьютерлік клуб $20 мың жүлде қоры бар CS2 турнирін қабылдайды

Тбилисидегі компьютерлік клуб $20 мың жүлде қоры бар CS2 турнирін қабылдайды

CYBERSHOKE Esports негізін қалаушы Эрик «Shoke» Шоков өзінің Telegram-арнасында Тбилисидегі компьютерлік клубында Counter-Strike 2 бойынша VRS-турнирін өткізетінін жариялады.

Жарыс 24-26 қараша аралығында өтеді — оған 16 команда қатысып, $20 мың көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салады.

Мен тек алаңды ұсынамын және турнирді ұйымдастыруға қатыспаймын, — деп атап өтті Шоков.

Ұйымдастырушылар локацияның ТМД елдерінен қатысушылар үшін қолжетімді екенін атап өтті — көпшілігі визалық құжаттарды рәсімдеусіз тікелей рейстермен келе алады.