23.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Динамоның 19 жастағы қақпашысы Реалмен ойнау туралы арманын айтты

Динамоның 19 жастағы қақпашысы Реалмен ойнау туралы арманын айтты

Астаналық клубтың қақпашысы Құрбан Расулов «Известия» басылымына берген сұхбатында өзінің құрметтейтін ойыншылары мен футболдағы мақсаттары туралы әңгімеледі.

Он тоғыз жастағы қақпашы Алиссонды қазіргі заманның үздік қақпашысы деп атап, аяқпен ойнауда тер Штеген мен Эдерсонды ерекше атап өтті. Алайда каталондық клубтың қақпашысына Расуловтың ерекше көзқарасы бар:

«Шынымды айтсам, тер Штегенді ұнатпаймын. Ол Барсада ойнайды, ал мен Барсаны жақсы көрмеймін»

Расулов бала кезінен мадридтік Реалды қолдап, Криштиану Роналдудың ойынына тәнті. Жас қақпашы корольдік клубпен кездесу мүмкіндігіне сенеді — әсіресе жақында Қайраттың он сегіз жастағы қақпашысы Чемпиондар лигасында осындай матч өткізгеннен кейін.