21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бес баланың анасы жамбылдық боксшы ҚР чемпионатының финалына шықты

Бес баланың анасы жамбылдық боксшы ҚР чемпионатының финалына шықты

Жамбыл облысының өкілі Айгерім Сатыбаева бокстан Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды журналист Аслан Каженов.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жамбылдық спортшы — қызылордалық Ақтобу Болатты жеңіп, турнирдің күміс жүлдесін кем дегенде қамтамасыз етті.

«Еңбегім еш кеткен жоқ, финалға шықтым. Бұл салмақта Назым Қызайбай әлем чемпионы атанған — сондықтан жекпе-жектер оңай емес. Соңғы рет 2015 жылы Қызылордада Қазақстан чемпионатын жеңіп едім, міне қайтадан финалға шықтым», — деді Сатыбаева.

Айта кетейік, Айгерім Сатыбаева — бес баланың анасы, бұл оның спорттық жетістіктерін одан сайын маңызды етеді.