21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Уразбахтин: «Футболды ақша емес, адамдар ойнайды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рафаэль Уразбахтин: «Футболды ақша емес, адамдар ойнайды»

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойын алды баспасөз маслихатында Чемпиондар лигасындағы қарсыласы — Кипрдің «Пафос» командасы туралы пікір білдірді.

«Футболды шын түсінетіндерге «Пафостың» іріктеу кезеңінде кімдерді жеңгеніне қараудың өзі жеткілікті. Олар мықты ұжымдарды — «Маккаби» (Тель-Авив) мен Киевтің «Динамосын» жарыстан шығарды. Бұл — сапалы ойыны бар өте күшті қарсылас. Біз өзімізден әлдеқайда танымал клубтарға қарсы да ойнай алатынымызды білеміз. Барлығы — концентрация мен өз-өзіңді аямай ойнауға байланысты. Осындай деңгейдегі клубтарда мүмкіндік әрқашан бар. Себебі футболды ақша емес, адамдар ойнайды. Сондықтан біз өз күшімізге сенеміз және соңына дейін күресеміз», — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші раунд аясындағы «Қайрат» — «Пафос» матчы 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.