21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлемдегі ең қымбат құрамды команда анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлемдегі ең қымбат құрамды команда анықталды

Transfermarkt сайтының жаңартылған мәліметі бойынша әлемдегі ең қымбат құрам Испанияның «Реал Мадрид» клубына тиесілі. Мадридтік команданың футболшыларының жалпы құны 1,4 миллиард еуро деп бағаланған.

Екінші орында Англияның «Арсеналы» — 1,31 миллиард еуро, үшінші орында «Манчестер Сити» — 1,21 миллиард еуро.

Ал үздік бестікті «Ливерпуль» (1,15 миллиард еуро) мен француздық «Пари Сен-Жермен» (1,15 миллиард еуро) клубтары түйіндеп тұр.