20.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Нинбодағы жеңісінен кейін WTA рейтингінде жетінші орынға көтерілді

Рыбакина Нинбодағы жеңісінен кейін WTA рейтингінде жетінші орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған рейтингінде екі позицияға көтеріліп, 4505 ұпаймен жетінші орынға орналасты.

Рейтингтің алғашқы бестігінде өзгерістер болған жоқ — беларусьтік Арина Соболенко 10390 ұпаймен көшбасшылықты сақтап қалды. Одан кейін поляк теннисшісі Ига Швентек пен америкалық Коко Гауфф тұр.

Ресейлік Мирра Андреева алтыншы орыннан тоғызыншы орынға түсті — оның қоржынында 4319 ұпай бар. Италиялық теннисші Жасмин Паолини алтыншы орынға көтерілді.

  • Арина Соболенко (Беларусь) — 10390
  • Ига Швентек (Польша) — 8703
  • Коко Гауфф (АҚШ) — 7863
  • Аманда Анисимова (АҚШ) — 5914
  • Джессика Пегула (АҚШ) — 5183