19.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

BLAST Slam VI Dota 2: финалдық кезең Мальтада өтеді

BLAST Slam VI Dota 2: финалдық кезең Мальтада өтеді

BLAST Slam VI Dota 2 киберспорт турнирінің ұйымдастырушылары жарыстың финалдық кезеңін өткізу орнын анықтады — плей-офф Мальтадағы Blast Arena Studios-те LAN форматында өтеді.

Турнир екі бөлікке бөлінген — топтық кезең мен last chance playoffs онлайн форматында 2026 жылдың 3-8 ақпан аралығында өтеді, ал шешуші матчтар 13-15 ақпан аралығында өткізіледі.

Алдыңғы BLAST Slam IV турнирінің төрт мықты командасы келесі жарысқа тікелей шақыру алады. Іріктеу процесінің егжей-тегжейін ұйымдастырушылар кейінірек жариялайтын болады.