19.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Месси мен «Интер Майами» МЛС плей-офф бірінші раундындағы қарсыласын білді

Месси мен «Интер Майами» МЛС плей-офф бірінші раундындағы қарсыласын білді

МЛС ресми парақшасының мәліметінше, Шығыс конференциясында үшінші орын алған Лионель Месси мен оның «Интер Майами» командасы плей-офф бірінші раундында «Нэшвиллмен» кездеседі.

Шығыс конференциясының басқа жұптарында «Цинциннати» «Коламбус Крюді» қабылдайды, «Шарлотт» «Нью-Йорк Ситимен» ойнайды, ал тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Филадельфия» «Чикаго Файр» мен «Орландо Сити» арасындағы плей-ин матчының жеңімпазымен кездеседі.

Батыс конференциясы келесі жұптарды ұсынды:

  • «Ванкувер Уайткэпс» — «Даллас»
  • «Лос-Анджелес» — «Остин»
  • «Миннесота» — «Сиэтл Саундерс»
  • «Сан-Диего» — «Портленд Тимберс» пен «Реал Солт Лэйк» арасындағы плей-ин жеңімпазы