19.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нойер Бундеслигадағы жеңістер бойынша Мюллер рекордын жаңартты

Нойер Бундеслигадағы жеңістер бойынша Мюллер рекордын жаңартты

«Бавария» әлеуметтік желілерінің мәліметі бойынша, Мануэль Нойер дортмундтық «Боруссияға» қарсы ойында тарихи жетістікке жетті — оның командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Мюнхен клубының қақпашысы үшін бұл Бундеслигадағы 363-ші жеңісі болды — енді ол 362 жеңісі бар бұрынғы рекордшы Томас Мюллерден асып түсті.

Айта кетерлігі, «Шальке» сапында да ойнаған Нойерге рекорд орнату үшін 530 ойын қажет болды, ал Мюллер өз көрсеткішіне 503 матчта қол жеткізді.

Бундеслига тарихындағы ең көп жеңіске ие футболшылардың ондығына кіреді:

  • Оливер Кан — 310 жеңіс
  • Манфред Кальтц — 291 жеңіс
  • Роберт Левандовски — 274 жеңіс
  • Матс Хуммельс — 268 жеңіс
  • Филипп Лам — 250 жеңіс
  • Лотар Маттеус — 249 жеңіс
  • Зепп Майер — 249 жеңіс
  • Клаудио Писарро — 248 жеңіс