19.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Спартактың» экс-қорғаушысы «Қайраттың» бұрынғы бапкерін сынға алды

«Спартактың» экс-қорғаушысы «Қайраттың» бұрынғы бапкерін сынға алды

«РБ Спорт» хабарлауынша, Мәскеу «Спартагының» бұрынғы қорғаушысы Эдуард Мор «Нижний Новгород» бас бапкері Алексей Шпилевскийдің жұмысын қатаң сынға алды.

Шпилевский өзінің үдемелі идеялары мен супер заманауи футбол туралы көп айтады, бірақ мен оның командасының ойынында басқаларда жоқ ештеңе көрмеймін. Оның барлық сөздері — көзге шашқан құм. «Нижний Новгородтың» бәрі Боселли ойнай ма, жоқ па соған байланысты. Бұл — алаяқтық пен алдау, — деді Мор.

Шпилевскийдің жетекшілігімен команда нашар нәтиже көрсетуде — Ресей Премьер-Лигасындағы он екі ойынның онында жеңілістің салдарынан клуб турнир кестесінде соңғыдан бір саты жоғары орынға түсті.

Айта кетейік, «Нижний Новгородқа» дейін маман 2018-2021 жылдар аралығында Алматының «Қайрат» клубын басқарған болатын.