13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Амир Омарханов: «Биыл өткен жылғыдан гөрі қиын болды»

Амир Омарханов: «Биыл өткен жылғыдан гөрі қиын болды»

Амир Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің бастапқы кездесуінде жол берді.

Алғашқы айналымда 17 жастағы қазақстандық теннисші Almaty Open ATP 250 турнирінің өткен жылғы финалисі, канадалық Габриэль Диаллоға (35 АТР) тап келді. Бәсеке 6:3, 6:1 есебімен канадалықтың пайдасына шешілді.

«Доп қабылдау кезінде қиын болды деп айтар едім. Ол оң жақтан да, сол жақтан да қысым жасап, торға да жақын келді, бірақ бүгін допты шамалы бердім деп айтпас едім. Екі сетте де ол бірден брейк жасады, бұл оған сенімділік әкелді, сәйкесінше ойын мен үшін қиындай түсті. Бұл үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Биыл өткен жылға қарағанда, қысым көбірек болды, шынымды айтсам, мен керісінше болар деп ойлап едім. Диалло өте жақсы ойнады, кімге ауыр тигенін айту қиын. Дегенмен бүгін мен үшін күрделі болды, қарсылас рейтингіде де жоғары тұр, қысымды да көп жасады. Эванстың да ерекше стилі бар, оны да жеңу оңайға түспейді», деді Омарханов баспасөз мәслихатында.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау