18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан ITF-тағы өзінің дауыс санын көбейтті

Қазақстан ITF-тағы өзінің дауыс санын көбейтті
Қазақстан ITF-тағы (Халықаралық теннис федерациясы) өзінің дауыс санын көбейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық теннис федерациясының жыл сайынғы жалпы жиналысында 200 ұлттық делегация өкілдері Қазақстан рөлін нығайту мәселесі бойынша дауыс берді. Шешім басым көпшілікпен – 91% дауыспен қолдау тауыпты. Қазақстанға дауыс саны 12-нің ішінен жетіден тоғызға дейін ұлғайтылды. Бұл – алты деңгейдің ішінен екінші нәтиже.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, елдер мынадай қағидалар бойынша бөлінеді: 5 елдің 12 даусы, Қазақстанмен бірге 15 елдің 9, 10 елдің 7 даусы бар. Енді біздің еліміз ITF-қа ықпалы жөнінен Италия, Чехия, Канада, Испания, Швеция, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа елдермен бір қатарда. ITF-қа кіретін елдердің дауыстары шешім қабылдаған кезде әлемдегі теннистің дамуына ықпал етеді.