18.10.2025
Оқу уақыты: 3 мин

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарна қатысатын құрамын жарияланды

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарна қатысатын құрамын жарияланды

24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Аталған байрақты додада әлем үздіктері жиналып, кім мықтыны анықтайды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының өкілдері де жүлдеден дәмелі. Толығырақ Olympic.kz материалында. 

Биыл Уси (Қытай) қаласында өтетін әлем біріншілігі ең ауқымды дода болмақ. Себебі 179 елден және жеке бейтарап спортшылар (AIN), Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы мен босқындар командасын (TRT) қоса алғанда 991 таеквондошы бақ сынайды. Бұл көрсеткіш 2017 жылы Муджуда өткен әлем біріншілігінде тіркелген нәтижеден асып түсті.

Қытайда әлем чемпионаты осымен екінші мәрте өткелі жатыр. Бұған дейін 2007 жылы Бейжіңде ұйымдастырылған болатын. Содан бері Уси қаласы беделді Grand Slam Champions сериясымен танылып, таеквондоның халықаралық орталығына айналды.

Жарысқа қатысушылар 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі (ерлер — 8, әйелдер — 8). Қазақстан ұлттық құрамасының сапында кімдер өнер көрсететіні белгілі. Толық құрам төмендегідей:

Ерлер:

— 54 келі: Бекзод Қадірқұлов

— 58 келі: Тамирлан Тілеулес

— 63 келі: Самирхон Абабакиров

— 68 келі: Дамир Шуленов

— 74 келі: Бекасыл Ергеш

— 80 келі: Батырхан Төлеуғали

— 87 келі: Нұрлан Мырзабаев

+87 келі: Бейбарыс Қаблан

Әйелдер:

— 46 келі: Айдана Құмартаева

— 49 келі: Нодира Ахмедова

— 53 келі: Азиза Қаражанова

— 57 келі: Мария Севостьянова

— 62 келі: Айша Әділбекқызы

— 67 келі: Нұрай Хусайнова

— 73 келі: Назым Махмұтова

+ 73 келі: Евгения Каимова

Соңғы мәрте 2019 жылы Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының медалі түскен болатын. Бұл жетістікке Қайрат Сарымсақов жетті. Ол 74 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетіп, Ахмад Абугаушқа есе жіберген болатын. Осылайша, қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазіргі таңда ерлер арасында ұлттық құраманың көшбасшылары Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғалиге үлкен үміт артылып отыр. Қос спортшы Kazakhstan Open-2025 турнирінен кейін ірі жарыстарға қатыспай, Қытайдағы байрақты додаға басты назарды аударып отыр.

Самирхон соңғы уақытта жақсы нәтиже көрсетуде. Германияда өткен Универсиадада 63 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын. Бұл салмақта фавориттердің қатарында 2024-Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мохамед Халил Жендуби бар. Самирхон Абабакиров дәл осы таеквондошыны Универсиаданың жартылай финалында жеңген еді. Сондықтан 63 келі салмақта отандасымыз алтыннан дәмелі спортшылардың қатарында, оған қоса қазіргі сәтте әлемдік рейтинге көш бастап тұр.

Сонымен қатар Батырхан Төлеуғалиге 2024 жылғы Олимпиадада кеткен есені қайтаруға таптырмас мүмкіндік туып отыр. Дегенмен 80 келіге дейінгі салмақтағы бәсекелестік деңгейін ескерсек, медальға қол жеткізу қиын болмақ. Бұдан бөлек, Бейбарыс Қаблан мен Тамерлан Тілеулес жанкүйерлерге тартысты жекпе-жектер сыйлайтыны анық.

Әйелдер арасында Мария Севостьянова жаста болса, медаль үшін күресе алатын таеквондошылардың қатарында тұр. Сонымен қатар Нодира Ахмедова және Азиза Қаражанова бәсекеге қабілетті екенін көрсете алады.

Қазақстандықтардан бөлек, биыл өтетін әлем чемпионатына бес Олимпиада чемпионы және ондаған жүлдегер қатысады. Мәселен, Фирас Катусси (Тунис), Ариан Салими (Иран), Ким Ю Чин (Оңтүстік Корея), Вивиана Мартон (Венгрия), Альтея Лорен (Франция) тағы бір мәрте үздік екенін дәлелдейтін болады.

Сонымен қатар Мохамед Халел Жендуби (Тунис), Симеоне Алессио, Мехран Бархордари (Иран), Нафия Куш (Түркия), Мерве Динчел (Түркия), Хатидже Кюбра (Түркия), Адриана Сересо (Испания), Уго Арильо (Испания) сынды Олимпиада ойындарының және әлем чемпионатының жүлдегерлі медаль үшін таласады.

Жалпы алғанда, бұл чемпионат қазақстандық таеквондошылар үшін әлемдік аренадағы беделін арттырып, алты жыл үзілістен кейін қайтадан жеңіс тұғырынан көрінуге тамаша мүмкіндік болмақ.