18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан чемпионаты: Сәкен Бибосынов екінші жекпе-жегін өткізді

Қазақстан чемпионаты: Сәкен Бибосынов екінші жекпе-жегін өткізді

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркістан облысының намысын қорғап жүрген Бибосынов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының өкілі Алмаз Нұрланмен кездесіп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын нокдаунға жібергеннен кейін Нұрланның бұрышы боксшыны жекпе-жектен алып тастау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Бибосынов жарыстың ширек финалына шықты, ал Нұрлан жарыстағы өнерін аяқтады.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 2021 және 2022 жылғы Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Айта кетейік, биыл Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының ережелері мен салмақ дәрежелері бойынша өтуде.

Жарыс 21 қазанға дейін жалғасады.