18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Криштиану Роналду Forbes тізімінде көш бастады

Криштиану Роналду Forbes тізімінде көш бастады

Португалия ұлттық құрамасы мен саудиялық «Әл-Наср» клубының ойыншысы Криштиану Роналду осы маусымда ең көп табыс тапқан футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Forbes осы маусымда ең көп табыс табатын ойыншылардың тізімін жариялады:

  1. Криштиану Роналду – 280 млн доллар (клубтан – 230 млн, басқа табыс көздерінен – 50 млн);
  2. Лионель Месси – 130 млн (60+70);
  3. Кәрім Бензема – 104 млн (100+4);
  4. Килиан Мбаппе – 95 млн (70+25);
  5. Эрлинг Холанд – 80 млн (60+20);
  6. Винисиус – 60 млн (40+20);
  7. Мұхамед Салах – 55 млн (35+20);
  8. Садьо Мане – 54 млн (50+4);
  9. Джуд Беллингем – 44 млн (29+15);
  10. Ламин Ямаль – 43 млн (33+10).