18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Ningbo Open WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина Ningbo Open WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші (№9) Ningbo Open WTA 500 турнирінің 1/4 финалында австралиялық Айла Томляновичті (104) 2:0 (6:2, 6:0) есебімен жеңді.

Енді келесі қарсыласы италиялық Ясмин Паолини (№8) болады.

Ningbo Open 13-19 қазан аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.