18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

World Boxing әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

World Boxing әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

World Boxing ұйымы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады — онда ерлер мен әйелдер қатар көрсетілген.

Ерлер рейтингінде өзбекстандық спортшылар бірінші орынды бөлісті — 60 келі салмақта өнер көрсететін Абдумалик Халоков пен 65 келі салмақтағы Асадхуджа Муйдинхуджаев 3000 ұпайдан жинады. Үшінші орынды кубалық Эрисланди Альварес (65 кг) 2100 ұпаймен иеленсе, төртінші орынға қазақстандық Айбек Оралбай (90+ кг) 2025 ұпаймен жайғасты.

Бесінші орында 1650 ұпаймен келесі спортшылар орналасты:

  • Санжар Ташкенбай (50 кг, Қазақстан)
  • Махмуд Сабырхан (55 кг, Қазақстан)
  • Фазлиддин Эркинбоев (75 кг, Өзбекстан)
  • Джавохир Умматалиев (80 кг, Өзбекстан)
  • Турабек Хабибуллаев (90 кг, Өзбекстан)

Әйелдер рейтингінде поляк спортшысы Юлия Шеремета (57 кг) 2075 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында түркиялық Бусеназ Чакыроглу (51 кг) 1975 ұпаймен, ал үшінші орында бразилиялық Ребека Де Лима Сантос (60 кг) 1837,5 ұпаймен тұр. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай (51 кг) төртінші орынға 1750 ұпаймен жайғасса, бесінші орынды тайваньдық спортшы Хуан Сяовэнь (54 кг) 1725 ұпаймен иеленді.