18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда Бірінші лига матчы кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды

Алматыда Бірінші лига матчы кезінде 19 жастағы футболшы қайтыс болды

Kazinform хабарлауынша, «Хан-Тәңірі» командасының ойыншысы Диас Төлеу Қазақстан чемпионатының Бірінші лига матчы кезінде естен танып қалды.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше — 2006 жылы туған спортшы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға клиникалық өлім жағдайында түскен.

Түскен кезде тамыр соғысы мен артериялық қысым болмаған, қарашықтары кеңейген. Медициналық бригада 30 минут бойы жандандыру шараларын жүргізді, алайда қолданылған шараларға қарамастан, өмір белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады, — деп хабарлады мекемеде.

Алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі биылғы маусымда «Хан-Тәңірі» үшін келесі нәтижелерді көрсетті:

  • 25 матч өткізді
  • 3 гол соқты
  • 4 голдық пас берді

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.