18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Нинбодағы турнирдің ширек финалында австралиялықты жеңді

Рыбакина Нинбодағы турнирдің ширек финалында австралиялықты жеңді

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінің жартылай финалына сенімді түрде өтті.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисші — әлемнің 104-ші ракеткасы, австралиялық Айла Томляновичті 58 минутта 6:2, 6:0 есебімен жеңіп шықты.

Келесі кезеңде Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы — италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі. Бұған дейін қазақстандық спортшы турнирдің бастапқы кезеңінде украиналық Даяна Ястремскаяны 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Нинбодағы жарыстың жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды — жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алады.