17.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александер-Арнольд Ливерпульге қарсы ойынға оралуы мүмкін

Александер-Арнольд Ливерпульге қарсы ойынға оралуы мүмкін

BBC Sport мәліметінше, Мадрид «Реалының» қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтың қалпына келуі жоспар бойынша жүріп жатыр — футболшы Чемпиондар лигасындағы «Ливерпульге» қарсы ойынға дейін форма жинап үлгеруі мүмкін.

27 жастағы ағылшын футболшы 16 қыркүйекте «Марсельге» қарсы ойында артқы сан бұлшық етінен жарақат алды — қорғаушы алаңды бесінші минутта-ақ тастап кетуге мәжбүр болды. Александер-Арнольдтың 4 қарашада «Энфилдтегі» ойынға — жарақат алғаннан жеті апта өткен соң оралады деп күтілуде.

«Ливерпульдің» тәрбиеленушісі биылғы жылдың маусым айында «Реалға» ауысты. Алты жасында келген өзінің туған клубы үшін қорғаушы 354 матч өткізіп, екі чемпиондық атақ, Чемпиондар лигасын және Англия Кубогын жеңіп алды. Мадрид клубының құрамында ағылшын бес матч өткізуге үлгерді.

«Бұл менің өмірімдегі ең қиын шешім болды» — деп мойындаған Александер-Арнольд «Реалға» ауысқаннан кейін.