15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UEFA Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
UEFA Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

UEFA Ақтөбеде өткен Қазақстан U21 және Англия U21 құрамалары арасындағы матч кезінде ұйымдастырушылар тарапынан кеткен олқылықтар үшін Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды.

Ресми мәлімдемеде көрсетілгендей, ойын барысында бөтен адамдар алаңға кіріп кеткен және матч белгіленген уақыттан кешігіп басталған. Осы себепті UEFA тәртіптік шара қолданып, ҚФФ-ға екі бөлек айыппұл тағайындады.

Алғашқы бұзушылық үшін федерация 1250 еуро, ал екінші жағдай үшін 7500 еуро көлемінде айыппұл төлейді.