15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аргентина Пуэрто-Рикоды Мессидің қатысуымен жолдастық матчта жеңді

Аргентина Пуэрто-Рикоды Мессидің қатысуымен жолдастық матчта жеңді

Жолдастық матчта Аргентина құрамасы Пуэрто-Рико командасын 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Championat.com.

Алексис Мак Аллистер мен Лаутаро Мартинес — әрқайсысы екі голдан соқса, Гонсало Монтьель ақ-көк түстілер қоржынына тағы бір доп қосты. Алтыншы голды пуэрториколық қорғаушы Стевен Эчеверрия өз қақпасына соғып алды.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ассистент рөлін атқарды — оның еншісінде екі нәтижелі пас бар. Скалони шәкірттері келесі бақылау матчын Австралия құрамасына қарсы өткізеді.