15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WhoScored сарапшысы Кенжебектің «Хартске» ауысуы туралы шындықты айтты

WhoScored сарапшысы Кенжебектің «Хартске» ауысуы туралы шындықты айтты

ASnews.kz хабарлауынша, WhoScored.com сарапшысы және Perth to Paisley подкастының жүргізушісі Адам Кеннеди Галымжан Кенжебектің «Хартске» ауысуы туралы қаңқуға қатысты пікір білдірді.

Бұл жақында ғана пайда болған қаңқу — «Хартстың» Кенжебекке шынымен қызығушылық танытып отырғанына сенбеймін. Британдық БАҚ Чесноковты қол қойғаннан кейін Галымжан туралы асығыс қорытынды жасаған сияқты. Қазақстандық ойыншылар Ұлыбританияда өздерін көрсете алады — мұны «Қайраттың» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде «Селтикті» жеңгені дәлелдейді

«Хартстың» иесі Тони Блум, сондай-ақ «Брайтон» мен «Юнионды» басқарады, оның байлығы 1,3 миллиард фунт стерлингті құрайды. Шотландиялық клуб қазір жеті турдан кейін 19 ұпаймен Премьершипте көш бастап тұр — қаңтарда командаға «Тобылдың» шабуылшысы Ислам Чесноков қосылады.