14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Польшалық шабуылшы осы маусымнан кейін «Барселонадан» кететін болды

Польшалық шабуылшы осы маусымнан кейін «Барселонадан» кететін болды

Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски осы маусымнан кейін «Барселонадан» кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусым аяқталғаннан кейін 37 жастағы польшалық шабуылшы каталониялық клубтан кетеді.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо ақпараты бойынша, қос тарап келесі жылы аяқталатын келісімшарт мерзімін ұзартпайтын болған.

Шабуылшыға саудиялық клубтар қызығушылық танытуда. Бірақ өзі әлі бір-екі жыл Еуропада қалуды қалайды.

Бүгін шабуылшының жарақат алып, қатардан шыққаны белгілі болды. Қашан оралатыны белгісіз. Бұл оның мансабындағы 25-ші жарақаты болды. Осыған дейін 266 күні емделумен өтіп, 47 матчтан тыс қалған