14.10.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Әлемдік теннис жұлдыздары Карен Хачанов пен Фабиан Марожан Алматыдағы аутизм орталығына барды

Әлемдік теннис жұлдыздары Карен Хачанов пен Фабиан Марожан Алматыдағы аутизм орталығына барды

ATP 250 Almaty Open халықаралық турнирінің қатысушылары, белгілі теннисшілер Карен Хачанов пен Фабиан Марожан Алматыдағы «Асыл мирас» аутизм орталығына барды.

Әлемдік теннис жұлдыздарының «Асыл мирас» орталықтарына баруы Қазақстандағы ATP сериясы турнирлерінің ізгі дәстүріне айналды. Спортшылар орталықтың қызметіне зор қызығушылық танытып, аутизм спектрі бұзылған балалардың қарым-қатынас жасау, оқу және дербестік дағдыларын дамытуға көмектесетін бағдарламалар туралы білді.

Almaty Open турнирінің өткен жылғы жеңімпазы Карен Хачанов пен әлемнің 52-ші ракеткасы Фабиан Марожан бірнеше ойын және оқу сабақтарына қатысып, тәрбиешілермен және ата – аналармен әңгімелесті, сондай-ақ балалармен бірге уақыт өткізіп, бірге сурет салып, дамытуға арналған ойындарды ойнады. Орталықтың тәрбиеленушілері үшін атақты спортшылардың келуі нағыз мерекеге айналды: қонақтар әр балаға көңіл бөліп, жылы жымиып, әзіл айтып, қолдау білдірді.

«Біз үшін мұндай кездесулер бағдарламаның бір бөлігі ғана емес, спорттың адамдарды біріктіруге және шабыттандыруға қызмет ететіні туралы маңызды ескерту болып табылады», – деп атап өтті Болат Өтемұратова қорының директоры Айнұр Кәрібозова. — Біз әлемдік деңгейдегі теннисшілерге жұмысымызға шынайы қызығушылық білдіргені және  олардың мейірімділігі үшін алғыс айтамыз. Мұндай назар аудару қоғамның аутизмі бар балалар дер кезінде қолдау алса, дамып, жетістікке жете алатынын жақсы түсінуіне көмектеседі».

Болат Өтемұратов қоры аутизм бағдарламасын 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырып келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстанның 12 қаласында аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына тегін көмек көрсететін 13 «Асыл мирас» орталығы ашылды. Орталықтарда сөйлеуді, әлеуметтік және оқу дағдыларын дамытуға бағытталған алты ғылыми негізделген бағдарлама іске асырылуда. Осы жылдар ішінде орталықтар 17 мыңнан астам балаға көмектесті және олардың көпшілігінің дамуында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Карен Хачанов пен Фабиан Марожанның орталыққа келуі спорт пен қайырымдылықты біріктіретін дәстүрдің жалғасы болды. Әр жылдары «Асыл мирас» орталықтарына Новак Джокович, Карлос Алькарас, Елена Рыбакина, Феликс Оже-Альяссим, Даниил Медведев, Доминик Тим, Александр Бублик, Станислас Вавринка, Фрэнсис Тиафо және басқалар сияқты әлемдік теннис жұлдыздары келді.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау