14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчына Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамы белгілі болды

2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчына Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамы белгілі болды

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамаларының арасындағы матчқа бастапқы құрамдар анықталды.

Жергілікті команда келесі құраммен шығады — қақпада Димитриевски, алаңда: Стойчевски, Велкоски, Зайков, Алиоски, Илиевски, Алими, Миовски, Барди, Эльмас және Ристовски.

Қазақстан құрамасының бас бапкері мынадай құрамды таңдады — қақпада Игорь Сейсен, алаңда: Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Темірлан Қасым, Асхат Қайыров, Исламбек Караман, Бақтияр Құат, Бақтияр Зайнутдинов, Рамазан Кеңжебек, Алексей Свиридов және Максим Чесноков.

Кездесу Скопьеде өтеді — матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. J тобының турнирлік кестесінде македониялықтар 12 ұпаймен бірінші орында тұр, ал қазақстандық құрама 6 ұпаймен төртінші орынды иеленіп отыр.