14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

M0NESY ESL Pro League күміс медалінен бас тартқан командаласын сынға алды

M0NESY ESL Pro League күміс медалінен бас тартқан командаласын сынға алды

CS2NEWS мәліметі бойынша, Team Falcons снайпері Илья «m0NESY» Осипов командаласы Максим «kyousuke» Лукиннің ESL Pro League Season 22 марапаттау рәсіміндегі мінез-құлқы туралы пікір білдірді.

Kyousuke медальдан бас тартып, біздің нәтижемізді құнсыздандырғандай болды. Иә, жеңілу өкінішті, бірақ бұл сенің бірінші тир-1 турнирінің финалы. Бұл жақсы нәтиже. Мен оған мұны айтқан жоқпын, бірақ уақыт өте келе оның өзі түсінеді деп ойлаймын, — деді Осипов.

Швециядағы марапаттау рәсімінде Лукин — Team Vitality командасынан 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін күміс медальді тақпаған Team Falcons командасының жалғыз ойыншысы болды.

ESL Pro League Season 22 турнирі 24 команданы жинап, 400 мың доллар жүлде қорын сарапқа салды.